Accessibility links

ҰҚК Рамазан Есіргеповті Таразға алып кетеді


«Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов Азаттық радиосына өзін Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-нің департаменті жауап алуға шақырып отырғанын хабарлады.

«Кеше кешкісін Алматы қаласы ҰҚК департаменті басшылығымен кездестім, онда менің жұма күні Таразда болуым керектігі айтылды. Сондықтан бүгін пойызбен жол жүргелі отырмын», — деді Р.Есіргепов.

Оның айтуынша, оған және оның қорғаушысы Баретта Ерғалиеваға мен «Алма-Ата инфо» газетінің үш қызметкеріне жол жүру билетін ҰҚК сатып алып береді. Оны алаңдатып отырған бір жай ҰҚК-нің билетті Таразға баруға ғана алып отырғаны.

«ҰҚК маған қысым көрсетіп отыр. Таразға өз еркіммен бармасам, күштеп апаратындықтарын айтты, яғни қолымды кісендеп апармақ. Егер қолыма кісен бір киілсе, оның қашан шешілері белгісіз, сондықтан да мен Таразға баруға келісіп отырмын», — деді бас редактор Р.Есіргепов.
XS
SM
MD
LG