Accessibility links

Есіргепов тағы да ауруханаға түсті


«Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов тағы да ауруханаға түсті. Бұл туралы Азаттық радиосының тілшісіне Ләззат есімді қыз хабарлады. Бұл хабарды кейінірек журналисттің өзі де растады. «Түстен кейін бірден қан қысымым көтеріліп кетті. Мұны байқаған туыстарым мені кардиология институтына жеткізді», - дейді Есіргепов.

Оның алдында ол үш әріптесімен бірге Таразға баруды жоспарлаған еді. Есіргепов өзін Жамбыл облысы бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің департаменті жауап алуға шақырып отырғанын хабарлаған-тұғын.

AzattyqTV

Қарағанды облысы

Ереуілдің төртінші күні

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG