Accessibility links

Британдық драматург Хэрольд Пинтер қайтыс болды


Британиялық басылымдардың жазуынша, британдық драматург әрі Нобель сыйлығының иегері Хэрольд Пинтер 78 жасында дүниеден өтті. Иса пайғамбардың туған күнінде өмірден озған Пинтер рак ауруынан көз жұмды. “Туған күн мерекесі”, “Мылқау даяшы” және “Үйіңе оралу” туындылары сияқты 30-дан аса шығарманың авторы Хэрольд Пинтер тұрмыс-тіршіліктегі қатаң көріністерді суреттеумен танылған.
2005 жылы Нобель сыйлығын алған ол өзінің драмалық пьесса жазуды тоқтатып, поэзияға көбірек назар аударатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG