Accessibility links

Украинада үй астында болған жарылыстан 17 адам қаза тапты


Украинаның Қара теңіз жағалауындағы Евпатория қаласында тұрғын үйде болған жарылыстан кемінде 17 адам қаза тапты.

Ел президенті Виктор Ющенко 26-шы желтоқсанды елде "азалы күн" деп жариялады. Ющенко мен премьер министр Юлия Тимошенко жарылыс болған жерге бірге барды.

Жарылыс үйдің астындағы ацетилен баллоны жарылғаннан болған. Ресей президенті Дмитрий Медведев жарылыстан жапа шеккендерге көңіл айтып, елінің теңіз жағалауындағы әскери күштері құтқару шараларына көмектесуге дайын деген.
XS
SM
MD
LG