Accessibility links

Қазақстанда биометрикалық паспорттар енгізіледі


Қазақстан Үкіметінің қаулысымен ел азаматтарының паспорттары мен азаматтығы жоқ жеке тұлғаларға берілетін куәліктерінің үлгісі бектілді. Қазақстан азаматының жаңа үлгідегі паспорты 36 беттен тұрады, оның көлемі 88х125 мм, ішінде орнатылған 64 Кб жады бар микрочипте паспорт иесі туралы графикалық және мәтіндік деректер жазылған.
Сонымен бірге, қаулыда осыған дейін Қазақстан азаматтарына берілген паспорттар мен азаматтығы жоқ адамдардың куәліктері оларда көрсетілген мерзімге дейін жарамды болып саналатыны айтылған.
Үкімет қаулысы алдағы аптадан бастап күшіне енеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG