Accessibility links

Қазақ полициясы Жаңа жылдың тыныштығын күзетеді


Жаңа жылды қарсы алаты күндері Қазақстанның ішкі істер министрлігі күшейтілген қызмет атқаруға көшеді. Ол туралы бүгін министрліктің тіл саясаты және ақпарат департаментінің директоры Бағдат Қожахметов хабарлады.
Оның мәлімдеуінше, “қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қоғамдық жерлер мен көшелердегі заң бұзушылыққа жол бермеу және 31 желтоқсаннан 2009 жылдың 4 қаңтарына дейінгі Жаңа жылды тойлайтын күндері ішкі істер министрлігінің құрамы қызметтің күшейтілген түріне көшеді.
Б.Қожахметовтің сөзіне қарағанда, бұл шараға полиция қызметкерлері, ішкі әскердің әскери қызметкерлері және Министрліктің оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары жұмылдырылады.
XS
SM
MD
LG