Accessibility links

Ауғанстанның Парван өлкесінде қастандық болды


Ауғанстанның Парван өлкесі әкімінің кеңсесі маңында жарылыс болды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, 2 адам құрбан болып, 17 кісі жараланды, олардың ішінде АҚШ армиясының жауынгерлері де бар көрінеді.
Жарылыс болған кезде әкімдіктің ішінде жергілікті билік пен АҚШ әскерилерінің апта сайынғы кездесуі өтіп жатты.
Парван өлкесінің әкімшілік орталығы – Шарикар қаласы – Кабулдан солтүстікке қарай 60 шақырым қашықтықта орналасқан.
XS
SM
MD
LG