Accessibility links

АҚШ-тың Алматыдағы дипломатиялық өкілдігіне белгісіз заты бар пакет келген


Дүйсенб күні сағат 11.00 кезінде Алматыдағы Renko Palace ғимаратының қауіпсіздік қызметі ішінде белгісіз ұнтағы бар пакетті байқаған деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі. Алматыдағы АҚШ елшілігіне Қазақстандық пошта қызметі арқылы Далластан (Техас штаты, АҚШ) жолданған беймәлім пакет ішінде аса қауіпті және улы заттардың бар-жоғын анықтау үшін сараптамаға жіберілген.
Пакет келіп түскен бөлме құлыпқа жабылып, белгісіз конвертті қолымен ұстаған 5 адамның барлығы мамандардың бақылауына алынған.
XS
SM
MD
LG