Алматыдағы ауруханалардың бірінде дәрігер болып жұмыс істейтін 45 жастағы ер адам Физули көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйге жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан деген күдікке қалып отыр. Жексенбі күні полицияның кезекші бөліміне пәтер иелері кооперативінің жетекшісі хабарласып, өзіне телефон шалған белгісіз адам әлгіндей суыт хабар айтқанын жеткізген болатын.
Алайда, тұрғын үйдегі 300 адамды қауіпсіз жерге шығарып, тұрғын үйді екі сағаттан астам мұқият зерттеген арнайы қызметтердің өкілдері ешқандай жарылғыш зат таба алмаған.