Accessibility links

Тұрғын үйге қатысты меморандумға қол қойылды


Бүгін Үкімет үйінде Қазақстанның вице-премьері Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» мен «Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы» және «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Меморандум тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтауды қаржыландыру жөніндегі және екінші деңгейлі банктер арқылы ипотекалық несиелендіруді ұйымдастыру туралы Үкіметтің тұрақтандыру бағдарламасының ережелерін іске асыру үдерісінде «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ-ның екінші деңгейлі банктермен және құрылыс салушылармен арадағы өзара іс-қимылының шарттары мен тәртібін айқындауды көздейді.
XS
SM
MD
LG