Accessibility links

Бангладештегі сайлауда демократиялық саяси блоктар жеңді


Бангладеште дүйсенбі күні болып өткен парламент сайлауының бастапқы қорытындысы бойынша экс-премьер-министр әйел Хазина Вазедтің саяси альянсы жеңіске жетті. Ол парламенттегі басым дауысқа ие болады. Ал бұл альянстың басты бақталасы – тағы бір экс-премьер әйел Халеда Зиа бастаған саяси блок депутаттық мандаттардың 1/3-ін ғана алатын болады.
Билік басында 2 жыл бойы қарулы күштерге сүйенген үкімет отырған соң, Бангладеште демократияны қалпына келтіруге уәде берген 2 саясаткер әйел жеңіске жетті.
Оңтүстік Азияда орналасқан Бангладештің халқы 140 миллионнан асады.
XS
SM
MD
LG