Accessibility links

Әлемде Израильге деген наразылық өсіп барады


Норвегия астанасы – Осло қаласында полиция Израильдің Газадағы соғыс қимылдарына қарсы шеруге шыққан 1 мыңға жуық халықты қуып таратты. Бастапқыда шеру қаланы басып өтіп, парламент ғимаратына дейін бейбіт түрде жалғасып, Израиль елшілігіне жақындағанда бейберекет басталды. Халық қоқыс жәшіктерін өртеп елшілікті таспен, шырақтармен атқылады, полиция шеруді қуып тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды. 9 адам ұсталды. Наразылық шерулері Норвегияның өзге қалаларында да байқалды.
XS
SM
MD
LG