Accessibility links

Ресей Киевке сататын газының бағасын 2 еседен жоғары көтереді


Газ саудасы бойынша орыс-украин келіссөзі сейсенбі күні жалғасады.
Дүйсенбі күні Ресей премьер-министрі Владимир Путин украин президенті Виктор Ющенкомен телефон әңгімесінің барысында орыс газы үшін Украинаның берешегін өтеу туралы уәжге келе алмағанын мәлімдеді. Сейсенбіде ресейлік ГазПром компаниясының басшысы Алексей Миллер егер Украина 2 млрд. доллардан асатын қарызын 31 желтоқсанға дейін өтемесе, газ беруін доғаратынын ескертті. Сондай-ақ ГазПром алдағы жылы Украина орыс газының 1 мың текше метрін 418 доллардан, яғни 2 еседен де артық бағаға сатып алатынын мәлімдеді.
ЕуроОдақ осы жағдайға алаңдап, Мәскеу мен Киевті ертерек уәжге келуге шақырды.
XS
SM
MD
LG