Accessibility links

Ресей Украинаны бопсалауын жалғастырды


Ресейлік "Газпром" компаниясы табиғи газдың бір мың текше метрін Украинаға 418 долларға сатады. Ол туралы "Газпромның" президенті Алексей Миллер мәлімдеді. Оның түсіндіруінше, ресми Киев бір мың текше метр газды жеңілдетілген 250 доллардан сатып алудан бас тартты.
1 қаңтардан бастап “Газпром” Украинаға газ беруін доғарды. Мәскеу мен Киев жаңа келісімнің шарттары бойынша өзара уәжге келе алмады. Жаңа келіссөздің қашан жалғасатыны белгісіз. Сонымен бірге Киев те, Мәскеу де Еуропаға айдалатын газдың үзілмейтінін мәлімдеп отыр.
Өз кезегінде Еуропа Одағы мен АҚШ Ресей мен Украинаны газ дауын ертерек шешуге шақырды. Украинаның Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, жұма күні Украинаның үкімет делегациясы Еуропаның астаналарына газ дауы бойынша келіссөз жүргізуге аттанады.
XS
SM
MD
LG