Accessibility links

Ирақ пен Еуропа және Қытай арасында әуе байланысы орнатылады


Жұма күні Копенгагеннен Бағдад қаласына швед әуе компаниясының ұшағы келіп қонды. Ұшақта 150 жолаушы болды. Осылайша Ирақ пен Еуропа елдерінің арасындағы әуе байланысы қайта орнатылды. Байланыс Саддам Хусеиннің армиясы Кувейтке басып кірген 18 жыл бұрын үзілген болатын.
Швед әуе компаниясы Бағдадқа аптасына бір рет қатынайтын болады. Таяу күндері Еуропа мен Қытайдың тағы бірнеше әуе компаниясы Бағдадқа қатынай бастайтынын жариялауға тиіс.
Ирақтың IraqiAirways компаниясы алдағы айлардың бірінде Еуропаға ұша бастайды. Осыған дейін Ирақ азаматтары Еуропаға Амман, Бейрут және Теһран немесе тағы басқа ірі қалалар арқылы ұшып жететін.
XS
SM
MD
LG