Accessibility links

Филиппин әскері 1 солшыл партизанның көзін жойды


Сенбі күні Филиппиннің шығысында үкімет әскерімен шайқаста солшыл көтерілісшілердің 1 партизаны оққа ұшты.
Хабарға қарағанда, армияның патрулі Маниладан 120 шақырым қашықтықта орналасқан Кесон өлкесінің Канделариа қаласында партизандардың жақсы қаруланған жасағымен қақтығысып қалды. Армия жауынгерлерінің арасында адам шығыны жоқ.
Коммунистік қозғалыстың көтерілісшілері Филиппин үкіметіне қарсы 1960-жылдардың соңынан бері шайқасып келеді.
XS
SM
MD
LG