Accessibility links

Шри-Ланка үкіметі сепаратистерге қарсы шабуылын жалғастырды


Шри-Ланканың үкімет армиясы сепаратистердің “Тамил-Иламаны азат етуші жолбарыстар” ұйымының күштеріне қарсы шабуылын жалғастырғанын мәлімдеді. Оның қарсаңында үкімет армиясы елдің солтүстігіндегі көтерілісшілердің әкімшілік орталығы – Килиноччи қаласын басып алды.
Шри-Ланканың қорғаныс министрлігі хабарлағандай, армия сепаратистердің ең басты әскери нысандары орналасқан Муллаитиву қаласына жақындап келеді.
“Тамил-Иламаны азат етуші жолбарыстар” ұйымынегізінен тамилдар басым тұратын жерлердің тәуелсіздігі үшін Шри-Ланка үкіметіне қарсы 1983 жылдан бері шайқасып келеді.
XS
SM
MD
LG