Accessibility links

Израильдің Газадағы соғысынан 450-ден астам адам қырылды


Жексенбіде Израиль армиясының танктері мен жаяу әскері Газа аймағында ХАМАС ұйымының жасақтарына қарсы құрлықтағы соғысын жалғастырды. Израильдің бір апта бойы әуеден бомбалық соққы беруі ХАМАС тобының зымырандық атқылауын тоқтата алмады. Сенбі күні кешкісін басталған құрлықтағы шайқастың барысында Израильдің 30 жауынгері жараланды, екеуі ауыр халде, қалған 28-і жеңіл және орташа ауыр жараланған. Израильдің қорғаныс армиясының баспасөз-қызметі 9 жауынгер қаза тапты деген хабарды теріске шығарды.
Әуеден соғыс ұшақтары қолдаған Израиль танктері Газа жеріне терең бойлап кіріп, соңғы мәлімет бойынша, Газа қаласын қоршап алды.
Израильдің жауя әскері 8 палестиналықты, оның ішінде ХАМАС-тың 5 өкілін оққа шырды. Палестина жағының мәліметіне қарағанда, Израильжің әуе соққылары басталған күннен бері қаза болған палестиналықтардың саны 450-ден асты.
XS
SM
MD
LG