Accessibility links

Индонезияда қуаты 7.5 балдан асқан зілзала тіркелді


Индонезияның шығысында тіркелген бірнеше дүркін жер сілкінісінен кем дегенде 2 тұрғын қаза тапты.
АҚШ-тың Геологиялық қызметі хабарлағандай, Батыс Папуа өлкесіндегі жерасты қозғалысының қуаты 7.5 балдан асты. Өлкенің әкімшілік орталығы – Маноквари қаласындағы қонақ үйдің бірнеше қабаты қирап, одан 5 адам жараланды. Үйінді астында қалған адамдарды іздестіруде.
Жергілікті шенеунектердің айтуынша, электр желілері үзіліп, бірнеше маңызды ғимаратқа айтарлықтай зиян келді. Маноквариге қатынайтын әуе рейстері үзілді.
.
XS
SM
MD
LG