Accessibility links

Алматыда үш адам уланып ауруханаға жатқызылды


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда үш адам көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматыдағы Алатау ауданының Шаңырақ ықшамауданында көмір жағатын пештің ақауы салдарынан үш адам: 7 және 15 жасар бала мен 48 жастағы әйел көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға түскен.

XS
SM
MD
LG