Ертең ҚР мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Алматыға келмек, — деп хабарлайды ҚазТАГ.
Агенттіктің мәліметінше, Алматыда үкіметтің қатысуымен дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша кеңес өтеді. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің есебінің тыңдауы баспасөздің қатысуынсыз жабық жағдайда өтеді деп жоспарлануда.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша тұрғызылған нысандарды аралап, «Alatau IT City» ақпараттық технологиялар паркінде өтетін көрмеге қатыспақ. Және шіркеуде болып православтықтарды Рождество мерекесімен құттықтайды.