Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс аумағындағы көлік жолдарында шектеу қойылған. Нақтырақ айтқанда, облыс орталығынан Жуалы, Талас, Сарысу аудандары бағытындағы қозғалыстарға шектеу қойылды.
«Толассыз жауған қардан әлсін-әлсін тазартылып тұрған көлік жолдарында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеуде. Ал 100 адам мен 50 арнаулы техниканың күшімен тазаланған республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент тас жолы қазіргі уақытта ашық», — деп мәлімдеді облыстық транспорт және көлік жолдары басқармасының бас маманы Бақытжан Жәнібеков.