Accessibility links

Жаңа жылда Қытайда жұмыссыздық өсе түседі


Жаңа жылда Қытайда жұмыссыздықтың өсуі салдарынан наразылық толқыны көтерілуі мүмкін. Қытайдың мемлекеттік Синьхуа агенттігі басып шығаратын Outlook Magazine журналы осындай жорамал жасап отыр.
Жұмыссыздардың көпшілігін шетелдік жұмысшылар мен мектеп және жоғарғы оқу орындарын бітіргендер құрайды. Журналдың есебі бойынша, жаңа жылда өткен жылы оқу бітіргендер мен жұмысшы-мигранттардың 7 миллионнан астамы еңбек биржасында тіркелуі мүмкін.
Қытайдың еңбек нарығындағы мұндай ауыр хал - Бейжіңеің Тяньаньмынь алаңындағы демократияшыл қытай жастарының шеруін аяусыз басып-жаншуға 20 жыл толатын жылы қалыптасайын деп отыр.
XS
SM
MD
LG