Accessibility links

ҰҚК Есіргеповтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады


Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповтың тұтқындалуын саясаттандыруға қарсы. Сейсенбі күні Алматыдағы кардиология институтында емделіп жатқан журналист Есіргеповты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің адамдары тұтқындап алып кеткен болатын.

24-ші желтоқсанда Рамазан Есіргеповпен Алматы қаласы ҰҚК қызметкерлері кездесіп, оны тараздық кәсіпкер Сұлтан Махмадовтың ісіне қатысты куәгер ретінде жауап беру үшін Таразға баруға көндірді. Осылайша ол Жамбыл облыстық ҰҚК департаментінің сұрақтарына жауап беру үшін 25-ші желтоқсанда Таразға баруы тиіс еді. Алайда сол күні аяқ астынан Рамазан Есіргеповтің денсаулығы нашарлап, ол қайтадан ауруханаға түскен-тұғын.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG