Астананың Сарыарқа ауданында Бөгенбай батыр даңғылы мен Победа даңғылының қиылысындағы диаметрі 300 миллиметрлік суық су құбыры толығымен жөндеуден өткізілді. «Астана су арнасы» мекемесінің 8 қызметкері мен 8 техникасының арқасында іске қосылған су құбыры тозығы жеткендіктен жарылып, соның салдарынан Победа, Бөгенбай даңғылдары мен Желтоқсан көшелерінің 14 үйінің тұрғындары сусыз қалған болатын, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосына – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV