Accessibility links

Аға лейтенантты өлтірген қару ІІД қоймасынан сатылыпты


Алматы қалалық ІІД мәліметінше, Түрксіб аудандық ішкі істер басқармасы учаскелік полициясының көмекшісі, аға лейтенант Дәулет К-ні өлтірген қару Алматы облыстық ІІД заттық айғақтарды сақтау қоймасынан сатылған.
Үш жерінен оқпен жарақаттанған аға лейтенанттың мәйіті 3-желтоқсан күні Сейфуллин даңғылындағы №57 тірек пунктінен табылған еді. Оның денесінен және тірек пунктінің қабырғасынан алынған оқтарды сараптан өткізу барысында өлімге жұмсалған қарудың 7,62 миллиметрлік ТТ калибрлі тапанша екені және оның аталған қоймадан сатылғаны анықталды. Қаруды сатқан облыстық ІІД қызметкері қазір тұтқында отыр, оған қатысты тергеу істері жүргізілуде.

XS
SM
MD
LG