Accessibility links

Ресей мен Украина ресмилері газ дауын талқылады


Ресейдің Газпром компаниясы мен Украинаның Нафтогазы екі ел арасындағы газ дауын шешу мақсатында Мәскеуде келіссөздер өткізді. Газпром баспасөз хатшысының хабарлауынша, Газпромның өкілі Алексей Миллер мен Нафтогаздың өкілі Олег Дубина түнде кездескен. Бейсенбі күні Брюсселде Еуропа Одағы ресмилерінің газ мәселесіне қатысты келіссөздері жоспарланған. Бұл жиынға Миллер мен Дубина қатыса ма жоқ па - белгісіз. Еуропаға Украина арқылы тасымалданатын Ресей газы тоқтап қалған болатын.
XS
SM
MD
LG