Accessibility links

Қызыл крест Израилді айыптады


Халықаралық Қызыл крест комитеті Израиль күштерін Газадағы жараланған адамдарға көмектеспеді деп айыптап отыр. Қызыл крест пен палестиналық Қызыл ай жұмысшылары Израиль әскери бекеттеріне жақын Зайтундағы үйлерде шабуылдардан қаза тапқан ондаған адам мен аман қалған кемінде 19 адамды тапқандарын хабарлады. Аман қалғандардың арасында жараланғандар мен 4 әлсіз бала бар деп хабарланып отыр. Халықаралық Қызыл крест комитеті өкілдерінің бұл аймаққа баруларына 4 күннен бері мұрсат етілмеген екен.
XS
SM
MD
LG