Accessibility links

ЕО Украина арқылы өтетін газ транзитін бақылайды


ЕуроОдақ пен Ресей орыс газының Украина арқылы өтетін транзитін қадағалайтын халықаралық бақылаушыларды қайда орналастыру және олардың жұмыс шарты туралы уағдаласты.
Ол туралы өткен бейсенбі күні жаңа жылдан бастап ЕуроОдаққа төрағалық ететін Чехияның премьер-министрі Мирек Тополанек хабарлады. Мәскеу бақылаушыларды орналастыруды Украина арқылы Еуропаға газ тасымалдауды қайта жалғастырудың басты шарты етіп қойған болатын.
Бірақ бақылаушылардың қашан іске кірісетіні белгісіз. Бейсенбі күні Брюссельде болып өткен келіссөзде Украина бақылаушылардың құрамында ресейлік Газпром өкілдерінің болуына түбегейлі қарсы шықты. Ал ол Ресейдің шарты.
Мәскеу мен Киевтің газдың бағасы төңірегіндегі дауы салдарынан жалғыз Украина емес, Еуропаның 10-нан астам елі газсыз қалды.
XS
SM
MD
LG