Accessibility links

Пәкістанда Әл-Қаида көсемдерінің бірі мерт болды


Пәкістанның ауған шекарасына жақын ауданында “Әл-Қаида” ұйымының жергілікті көсемінің бірі Усама Әл-Кинди мен оның жақын көмекшісі Ахмад Салим Сведанның көздері жойылды.
АҚШ-тың барлау қызметі өкілдерінің мәліметі бойынша, 2 содыр Оңтүстік Вазиристан өлкесінде мерт болды, бірақ олардың қалай өлтірілгені хабарланбады.
Тегі кениялық Усама Әл-Киндиге 2008 жылдың қыркүйегінде Исламабадтағы “Мариотт” қонақ үйінде болған қастандықты ұйымдастырды деген күдік түсті. Одан 55 кісі көз жұмған болатын.
Оған қоса Әл-Кинди мен оның жақын серігіне 1998 жылдың жазында АҚШ-тың Кения мен Танзаниядағы елшіліктеріндегі жарылыстарды ұйымдастырды деген күдікпен АҚШ үкіметі іздеу жариялады. Ол кезде 220-дан астам адам қаза тапты.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG