Accessibility links

Арнайы комиссия Қарағанды шахталарын тексереді


Қазақстанның Төтенше жағдайлар бойынша министрлігі құрған арнайы комиссия 12-16 қаңтар аралығында Қарағандының көмір шахталарындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайын тексереді. Комиссия “Арселор Миттал Теміртау” компаниясының көмір департаментіне қарайтын “Абай” шахтасында кеншілердің қазасына жеткізген апаттан кейін үкімет комиссиясы тапсырған шаралардың қалай орындалғанын саралайды.
Осыдан 1 жыл бұрын – 2008 жылдың 11 қаңтарында “Абай” шахтасында болған апаттан 30 кенші қаза тапты. 23 кеншіні жер астынан шығара алмай, шахта олардың зиратына айналды. Шахта жабылды, бірақ өрт әлі сөнбеген көрінеді.
Үкімет комиссиясы үнді компаниясына қауіпсіздік техникасын жетілдіру, үздік технологияны енгізу және өндірісті жетілдіру туралы бірқатар міндет жүктеген болатын.
XS
SM
MD
LG