Accessibility links

Палестинаны қолдаушылар Ослоны дүрліктірді


Норвегия астанасы – Ослода полиция мен Палестинаны қолдаушылардың тағы бір қақтығысы болды. Қаланың орталығында полиция мен шеруге шыққандардың арасындағы кескілескен қақтығыстың салдарынан 6 адам жараланып, 31 адам ұсталды.
Қақтығыс норвег парламентінің алдында бір топ қоғамдық ұйым Израильді қолдайтын митингі өткізіп жатқан кезде туды. Палестинаны қолдайтын солшыл ұйымдардың белсенділері полиция қатарын бұзып, митингі жағына өтпек болып, өте алмаған соң полицияны таспен, жанармай құйылған шөлмектермен атқылады, дүкен терезелерін қиратып, қоқыс контейнерлерін өртеді.
Осы жолғы тәртіпсіздікті Норвегия полициясы соңғы 30 жылдағы ең ірісі деп бағалады.
XS
SM
MD
LG