Accessibility links

Израиль БҰҰ-ның Қарарын қабылдамай, соғысты жалғастырды


Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерт БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газа аймағындағы соғысушы жақтарды бітімге шақыратын үзілді-кесілді Қарарын қабылдамады. Ольмерт мәлімдегендей, ХАМАС ұйымы Израиль жерін атқылауын қоймады, ал армия өз елінің халқын қорғауға міндетті.
Жұма күні Газадан Израильге қарай кемінде 14 зымыран атылды. Израильдің соғыс ұшақтары Газа қаласының іргесіндегі ХАМАС-тың шептерін бомбалау үстінде.
Палестина дәрігерлерінің мәліметі бойынша, Израиль танктерінің зеңбірегінін Газадан солтүстікке қарай орналасқан Бейт-Лахия мекенінде бір жанұяның 6 мүшесі құрбан болды.
Біздің тілшіміздің хабарлауынша, Израиль армиясы Газа аймағының солтүстігі мен орталығында мектептер мен үйлерге содырлар орнатып кеткен миналар мен фугастарды залалсыздандырып жатыр.
XS
SM
MD
LG