Accessibility links

Теңіз қарақшылары Саудияның танкерін босатты


Сомалидің теңіз қарақшылары қараша айынан бері тұтқында ұстаған Сауд Арабиясының мұнай танкерін босатты.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, қарақшылардың өкілі 2 млн. баррель мұнай тиеген супертанкерді босату үшін 3 млн. доллар құн алғандарын мәлімдеді.
Кеменің қандай шартпен босатылғаны туралы ресми хабар жоқ. Хабарға қарағанда, танкер қарақшылар тұтқында ұстаған порттан жүзіп шықты.
Өткен жылы Сомалидің теңіз қарақшылары 10-даған сауда және жүк кемесіне шабуыл жасады. Өткен бейсенбіде оларға тойтарыс беру үшін халықаралық әскери-теңіз тобы құрылатыны хабарланды.
XS
SM
MD
LG