Accessibility links

Обама: Иран қауіпті, бірақ АҚШ дипломатияға салып көреді


Жаңа сайланған АҚШ президенті Барак Обама өзінің Иран шынымен қатерлі, бірақ әлі де Исламшыл Республикамен алдымен диалог жүргізу керек деп білетінін айтты. Жұма күні Вашингтондағы баспасөз мәслихатында өзінен Иран туралы сұрағанда Обама Джордж Буш әлі АҚШ президенті болып отырғанда өзінің Теһранға қатысты саясаты туралы толық айта алмайтынын алға тартқан. Десе де өзінің Иранды Құрама Штаттарға төнген үлкен қауіп ретінде қарастыратынын айта келе, бірақ Американың қауіпсіздік мақсаттарына қол жеткізу үшін АҚШ алдымен дипломатиялық жолды ұстанады деген. Президент Джордж Буштан президенттікті қаңтардың 20-да қабылдап алатын Барак Обама өзінің инаугурациясынан кейін Иран туралы көп айта алатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG