АҚШ-тың сайлаудан өткен президенті Барак Обама алдағы кезде өз әкімшілігі Женева Конвенциясын сақтап, терроризм күдіктілеріне азаптау әдісі қолданылмайтын болады деген сөз берді. Жұма күні Вашингтондағы баспасөз мәслихтында Обама Құрама Штаттар “жоғарғы құндылықтар мен биік идеалдарды” сақтауы тиіс деген. Ол мұндай нұсқауларын Орталық Барлау Басқармасына жаңадан директорлыққа ұсынған Леон Панетта мен зейнеттегі адмирал, Ұлттық барлау басшылығына өзі ұсынған Дэннис Блэйрге бергенін айтты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?