Accessibility links

Ресей және Чехия премьер министрлері келіссөз өткізуде


Еуропа Одағына төрағалықты алып отырған Чехияның премьер министрі Мирек Тополанек бүгін Мәскеу сыртында Ресей премьер министрі Владимир Путинмен кездесті. Бұл кездесу Еуропаға табиғи газ жеткізуге салдарын тигізген Ресей мен Украина арасындағы газ дауын реттеуге арналды. Тополанек Путинмен кездесуінде ЕуроОдақ Украина жетекшілерімен өзінің аймағына газ тасымалын бақылау үшін ресейлік бақылаушыларды кіргізу жөнінде ауызша келісті деді. Жұма күні Киевте Тополанек пен Украина жетекшілері арасындағы келіссөздер толық нәтиже бермеді. Бірақ Украина президенті Ресейден келген газды толық көлемде Еуропаға жеткізуге өз елі кепілдік беретінін айтқан. Еуропалық арағайындық топты Ресейге бастап барған Чехия премьер министрі Еуропаға газ қайтадан жөнелтілмейінше, өзінің бұл елден кетпейтінін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG