Accessibility links

АҚШ Израилдің Иранға соққы беруіне қарсы шыққан


Хабарларға қарағанда, АҚШ президенті Джордж Буш өткен жылы Израилдің Иранның ядролық кешеніне шабуылдамақ болған ұсынысын қайтарып тастаған. The New York Times басылымының жазуынша, Құрама Штаттардың атын атамаған жоғарғы ресми өкілі ол ұсынысты өткен жылы Израиль премьер министрі Эхуд Олмерт жасағанын, ол үшін АҚШ-тың басқарылатын әуе бомбаларын және Иранға соққы беру үшін Ирақтың үстінен ұшуға рұхсат сұрағанын айтқан.
Бірақ оған Буш әкімшілігінің қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс бастаған ресмилері қарсы шығып, Иранға шабуыл еш нәтиже бермейді деп Бушты көндіргені жайлы ақпарат шығып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG