Accessibility links

Түркия соты төңкеріс жасамақ болды деп тағы 9 адамды айыптады


Жексенбі күні Түркия соты елдің исламшыл үкіметін құлатып, төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен тағы 9 адамға айып тақты.

Анадолы ақпарат агенттігі астыртын әрекетті іске асырмақ болды деген күдікпен өткен аптада ұсталған 40 адамның қатарында бұрынғы полиция басшысы бар екенін жазуда. Айыптаушылардың сөзіне қарағанда, олар Түркияда шабуылдар жасау арқылы тұрақсыздық тудырып, 2009 жылы төңкеріс жасамақ болған. Бұл астыртын әрекетке қатысты делінген 86 адам сотқа тартылды.
XS
SM
MD
LG