Accessibility links

Обама: Ынталандыру жоспары 4 млн жұмыс орнын сақтай алады


Жаңа сайланған АҚШ президенті Барак Обама өзінің ынталандыру ұсыныстарының сараптамасы 4 млн-ға дейінгі жұмыс орнын сақтай алатынын немесе 2010 жылға дейін құра алатынын көрсетті деп мәлімдеді. Оның алдында Обама өзінің есебі бойынша 800 млд долларлық жоспары елді бір жылғы экономикалық құлдыраудан шығару үшін 3 млн жұмыс орнын аша алады деп айтқан. Бірақ кейін жаңа сараптаулар оның мүмкіндігін 3 млн-нан 4 млн-ға дейін жеткізді деді. Мұндай сараптамалық қортындыны Обаманың экономикалық кеңесшілері жасаған.
XS
SM
MD
LG