Ресейдің Алтай өлкесінде Ми-171 тікұшағы апатқа ұшырап, сегіз адам қаза болды. Тағы үш адам ауыр жараланған. Апат болған жерге құтқарушылар мен дәрігерлер жіберілді. Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, жұма күні жоғалып кеткен тікұшақ Алтайдың Көшағаш ауылынан 420 шақырым таулы жерге құлаған. Апаттан қаза болғандардың арасында Ресей президентінің Мемлекеттік Думадағы өкілі Александр Косопкин мен тағы 7 адам бар. Тікұшақта болған 11 адамның қатарында Алтай Республикасының үкімет мүшелері де болған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр