Accessibility links

2100 жылы жер құрғақшылық пен аштыққа ұрынады


Вашингтон штатындағы университеттің зерттеушілері ғаламдық ауа райының жылынуы субтропикалық және тропикалық елдерде егіннің шығымын күрт төмендетуі мүмкін деп есептейді. Ғалымдар құрастырған ауа райының моделіне сәйкес, 20 ғасырда байқалған ең ауыр құрғақшылықтар 2100 жылы нормаға айналуы мүмкін. Ондай жағдайда күріш пен жүгері сынды негізгі дәнді дақылдардың шығымы 40 пайызға дейін төмендеуі мүмкін.
Ғалымдардың есептеуінше, егер дәнді дақылдардың құрғақшылыққа төзімді жаңа тұқымдарын іріктеу жұмыстарын қазір бастамаса, онда 2100 жылға қарай жаппай ашаршылық болуы ықтимал.
XS
SM
MD
LG