Accessibility links

Президент Буш ақырғы баспасөз-маслихатын өткізді


Джордж Буш АҚШ президенті ретінде ақырғы баспасөз-маслихатын өткізді.
Буш мәлімдегендей, өзінің биліктегі мұрагері Барак Обаманың тап болуы мүмкін ең зор қатер – ол АҚШ жеріндегі жаңа террористік шабуылдың болуы.
АҚШ президенті, сондай-ақ, Ирақта демократияның сақталып, нығаюына онша сенбейтінін жасырмады.
Дж.Буштың мәлімдеуінше, Солтүстік Корея мен Иран қауіпті саяси режим болып қала береді.
Экономикалық дағдарысқа қатысты АҚШ президенті егер Б.Обама өзінен өтінетін болса, онда дағдарысқа қарсы 700 млрд. доллар қаржының екінші жартысын бөлу туралы заңның жобасын Конгреске ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.
20 қаңтарда Дж.Буш Ақ үйді босатып, Б.Обама АҚШ-тың жаңа президенті ретінде міндетіне кіріседі.
XS
SM
MD
LG