Accessibility links

Үкімет мәлімдеме қабылдамақ


Қазақстан Үкіметі келесі сейсенбіде Ұлттық банкпен, Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігімен бірлесіп «Ақша-қарыз саясатының басты бағыттары туралы» мәлімдеме қабылдамақшы.

Бұл туралы дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары талқыланған үкімет отырысында сөз қылған Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «2009 жылға арналған ақша-қарыз саясатының басты бағыттары туралы» мәлімдеме қабылдамақшымыз. Онда бүгінгі отырыста айтылған жайттар ескеріледі, — деді.

XS
SM
MD
LG