ІІД кезекші пультіне Астананың Сарыарқа ауданы Бөгенбай батыр көшесіндегі №7 орта мектептің ғимаратына жарылғыш зат орнатылғаны туралы келіп түскен ақпарат жалған болып шықты. Ол ақпарат бойынша 1000 адам мектеп ғимаратынан сыртқа шығарылды. Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Ескертусіз, қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV