Accessibility links

ЕО газ транзитін дереу жалғастыруды талап етті


Еуропа Одағы егер Ресей газының Еуропаға Украина арқылы өтетін транзиті таяу уақытта қайта жалғаспаса, оның ауыр салдары болатынын ескертеді.
ЕуроКомиссиясының төрағасы Жозе Мануэль Баррозу мәлімдегендей, еуропалық компанияларға соттарға шағымдануға кеңес беріліп, ал ЕуроОдақ елдеріне қуат көздерінің балама көздері мен оны жеткізудің өзге бағыттарын іздеу ұсынылуы мүмкін.
“Газ транзитін үзді” деп Мәскеу мен Киев бір-бірін айыптауда, ал осы кезде Еуропа елдерінде 100-деген мың халық жылусыз қалып, қаншама өндіріс тоқтап тұр.
Еуропаға арналған газ транзитін қамтамасыз етуге қажетті технологиялық газ беру туралы украиналық “Нафтогаз” компаниясының өтінішін Ресей қабылдамады. Ол туралы Ресей премьер-министрі Владимир Путин Словакия, Болгария және Молдова үкіметтерінің төрағаларымен кездесуінде хабарлады.
XS
SM
MD
LG