Accessibility links

Алматы соты “Тасжарғандағы” мақаланы сараптамаға жіберді


Бүгін, сондай-ақ, Алматының Медеу аудандық сотында Мәжіліс депутаты әрі ірі жер иесі Ромин Мадиновтың “Тасжарған” газеті мен журналист Алмас Көшербаевтың үстінен берген арызы қаралды. Оған оппозициялық газетте шыққан “Бедный латифундист” немесе “Байғұс латифундист” мақаласы себеп болды. Сот мақаланы сараптамаға жіберді.
Өткен жылдың соңында Р.Мадинов өзінің ар-ұжданы мен абыройын қорғауды өтініп, “Тасжарған” мен мақаланың авторы А.Көшербаевтың үстінен шағым жазды. Депутат басылымның есеп-шотын жауып, өз пайдасына 300 млн. теңге моральдық өтемақы төлетуді талап етеді.
Баспасөз құралдарын қорғаушы ұйымдар мақала нанның бағасын көтерудің экономикалық негіздемесі туралы пікірталас туғызу, сараптама сарында және нақты бір тұлғаны қаралау емес, сөз болып отырған проблемаға назар аудару мақсатында жазылған деп есептейді.
XS
SM
MD
LG