Accessibility links

ЕО газға байланысты Ресей мен Украинаға ескерту жасады


Ресей 17 қаңтарда Мәскеуде өз газын тұтынушы елдердің саммитін өткізуді ұсынды. Оған Украина да шақырылып отыр.
Ол туралы газ транзитінің үзілуінен мейлінше зардап шеккен Болгария, Словакия және Молдова премьер-министрлерімен келіссөзі кезінде Ресей президенті Дмитрий Медведев хабарлады.
Оның айтуынша, Киевке Ресей газы үшін берешегін өтеуге және Ресей газының транзитін қайта жалғастыруға мүмкіндік беретін түрлі жолды қарастыруға Мәскеу әзір.
Мәскеу мен Киевтің “газ дауы” жаңа белеске шықты. Өйткені, Украина өзінің шығысындағы тұтынушыларына жөнелтілген газ ағынын Батысқа қарай бұра алмайтынын мәлімдеді.
Еуропа Одағы транзит проблемасы мейінше ерте шешілмесе, оның айтарлықтай салдары болады деп Ресей мен Украианы ескертті.
XS
SM
MD
LG