Accessibility links

ШҚО Бесқарағай ауданы жарықсыз қалды


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының Бесқарағай, Семиярка, Кривинка, Сосновка, Ново-Николаевка, Бозтал, Глуховка, Бірлік ауылдарындағы электр желілеріне күшті соққан дауыл мен қалың жауған қардың салдарынан зақым келіп, аталған елдімекендер жарықсыз қалған.
Төтенше жағдайлар департаменті апатты жою бригадасының 6 қызметкері мен 2 техникасы электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарына кірісті.

XS
SM
MD
LG