Accessibility links

Мұнай бағасы әр бағытта өзгерді


«РосБизнесКонсалтинг» агенттігінің мәліметіне сәйкес, жетекші мұнай биржаларында 2009 жылдың 14-қаңтарындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы әр бағытта өзгерген.

«Алдағы айға мұнай фьючерсінің ресми бағасы мынадай болды: Лондондағы InterContinental Exchange Futures биржасында - IPE Brent Crude мұнайының бір баррелі үшін баға 45,08 доллар (+0,25) ; Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange биржасында Light, Sweet Crude Oil мұнайының баррелі 37,28 доллар (-0,50) болды», —делінген агенттік хабарламасында.

XS
SM
MD
LG